«Қандай қатыгездің қарекеті екен?!»: Сәкен Майғазиев 16 жастағы Шерзаттың өліміне кінәлілерді жазалауды талап етті

Аиса Махамбет Редактор
14.10.2024, 11:54
2065
«Қандай қатыгездің қарекеті екен?!»: Сәкен Майғазиев 16 жастағы Шерзаттың өліміне кінәлілерді жазалауды талап етті жеке мұрағатынан

“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев Талғар қаласындағы төбелестен кейін қайтыс болған 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдіріп, отбасына көңіл айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Қостанай қаласындағы бес баланың өртеніп кеткеніне де қайғырды. 

“Құдайдан қорықпағаннан қорық. Жығылғанға жұдырық. Қыршын кеткен Шерзаттың өлімі мен бүгін түнде орын алған өрт оқиғасы, кешегі Жетіқарадағы бес бірдей баланың өртке оранып бақилық болғаны баршамыздың қабырғамызға қатты батып жатыр. Бүгін түнде болған өрт неден шыққанын құзырлы органдар анықтай жатар. Егер шындығында қасақана қастандықпен қолдан қойылған от болса, нағыз надандық, мейірімсіздік, имансыздық осы шығар. Онсыз да қара жамылып отырған отбасының шаңырағын ортасына түсіріп от қою қандай қатыгездің қарекеті екен?! Жақсылық жасасаң өзіңе, жамандық жасасаң өзіңе. Адамның жасаған әрбір амалы өзіне айналып келетінін (бумеранг) білмеу қандай қараңғылық?!”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін эстрада жұлдызы құзырлы органдардың әділ шешім шығаратынына сенім білдірді.  

“Тынышы кеткен Талғардағы оқиғаға байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Бас прокуратураның басшылығымен жедел-тергеу тобы құрылғанын, кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатынын хабарлады. Әділ шешім шығатына сенім артамыз. Шерзаттың және бес баланың жаны жәннатта болсын!”, – деп күйінді өнер иесі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды