Шерзаттың қазасы: қазақстандықтар желіде әділдік сұрап, әлемдік флешмоб бастады

Аиса Махамбет Редактор
14.10.2024, 13:54
1419
Шерзаттың қазасы: қазақстандықтар желіде әділдік сұрап, әлемдік флешмоб бастады әлеуметтік желіден

Шерзаттың өлімі туралы хабар әлемге тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде #ЗаШерзата хэштегі бар ауқымды флешмоб басталды. Қазақстандық жасөспірімнің фотосын жаппай бөлісіп жатыр.

Осы уақытқа дейін Шерзаттың суреті қойылған хэштегті 700 мыңға жуық желі қолданушысы бөліскен. Осылайша қазақстандықтар Шерзат Болат өліміне кінәлі қылмыскерлерді заң аясында жазалауды талап етиіп жатыр.

Сондай-ақ TikTok желісінде Шерзаттың өлімі туралы ағылшын тілінде де бейнежазбалар тарап, ашық сотты талап етушілердің қатары көбейді.

Еске салайық, 16 жастағы жасөспірімді 4 қазан күні қаруланған бір топ адам өлтіріп кеткен еді. Шиеленіс Шерзаттың әкесінің дүкенінде басталған. Бір бөтелке сыраға ақша төлегісі келмеген ер адам, жасөспірімнің әкесін балағаттаған. Оған шыдамаған Шерзат оны ұрып жібереді де, артынан кешірім сұрайды.

Алайда ер адам қоңырау шалып, оқиға орнына таныстарын шақырады. Олардың арасындағы дау үлкен төбелеске ұласып, салдарынан жасөспірім қаза тапқан еді. Төбелеске 13 адам қатысқан, бірақ жеті адам қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды