Тәрбиесіз тәрбиеші: Бала ұрғандардың жазасы қандай?

14.10.2024, 14:20
940
Тәрбиесіз тәрбиеші: Бала ұрғандардың жазасы қандай? tengrinews.kz

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде балабақшада баланы ұрған тәрбиешілердің жөнсіз әрекеті жиі қылаң беріп жүр. Әрине, бәленбай баланың шулағаны жүйкені тоздырып жіберетіні анық. Бірақ, мұндай жұмысқа дайын болмасаң жалақы үшін жаныңды қинаудың не керегі бар?

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында балабақша басшылығына шағымданған ата-аналардың аз емес екенін айтты.

«Биыл қазан айына дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 17 заң бұзу фактісі анықталды. Жалпы, балалардың құқығын, қауіпсіздігін бұзатын бір де бір оқиға болмауы керек. Оны біз түсінеміз. 11 600 мектепке дейінгі ұйым бар десек, 17 оқиға деген 0,001 пайыз деген сөз. Былтыр 38 жағдай болса, биыл 9 айда 17 оқиға тіркелді. Яғни, азайған», - деді ол.

Оның айтуынша, ата-аналар көбіне тәрбиешілердің балаларға дөрекі қарауы бойынша шағымданады.

«Ондай жағдайлар өте көп. Бірақ бұл жерде ата-ана да тәрбиешілерімен өзара байланыста болу керек. Егер бала кешке дейін жылап жүрсе, үнемі мазасыз болса, бұл тек балабақшада жасалған жағдаймен ғана байланысты болмауы мүмкін. Сондықтан баланың негізгі тәрбиесі, көңіл-күй отбасында қалыптасатынын ұмытуға болмайды. 17 жағдайдың ішінде 10 тәрбиеші жұмыстан қуылды. Басқа жағдайларда екі тарап татуласты», - деді Манара Адамова.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды