«Жаңа адамдар» қозғалысы 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған педофилді ұстады

14.10.2024, 15:33
3083
«Жаңа адамдар» қозғалысы 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған педофилді ұстады Жаңа адамдар

Жаңа адамдардың «124» азаматтық науқанының белсенділері әлеуметтік эксперимент жүргізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, педофилді қолға түсіру үшін кәмелет жасына толған белсенді танымал мессенджерде профиль құрып, жасын 12 деп белгілегенКішкентай қыз бірден бірнеше жаңа таныстар тапқан. Жаңа таныстар баланың жасынан қысылмаған. Бар-жоғы бірнеше сағат ішінде әлеуетті азғындар белсеніп, пасық ұсыныстарын жаза бастаған.

Ең табандысы өзін «Нариман» деп таныстырған жас жігіт болды. Ол балаға жыныстық қатынасты ашық түрде ұсына бастады. Қыздың абдырап, бұл не деген сауалына Нариман: «Сен төсекке жатасың, қалғанын сол кезде көрсетемін», – деп жауап берді. Жас мәселесі педофилді алаңдатпады да. Хабарламада ол: «Мен жай ғана жыныстық қатынасқа түссем болғаны, тіпті сен 2 айлық болсаң да, сенен бас тартпаймын», - деді.

Әлеуетті азғын Астана қаласының тұрғыны 24 жастағы Нариман Б. болып шықты. Нариман бірнеше күн бойы өз дегенінен қайтпай, кездесуді ұсынды. «124» белсенділері оған бұл кездесуді ұйымдастырып берді. Педофил кинорумда кездесуді шешті. Алайда, оны көруге 12 жасар баланың орнына бірнеше ондаған Жаңа адамдар белсенділері келді. Педофил «қарабет дәлізінен» өтуге мәжбүр болды, ал қоғамдық жаза ретінде кеңінен танымал резеңке бұйым астында қалды. 

Белсенділердің орнында шын кішкентай бала болса, не болатынын елестетудің өзі қорқынышты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 124-бап – «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» туралы қамтиды. «124» азаматтық науқанының белсенділері балалардың қауіпсіздігі үшін әлеуетті педофилдерді анықтап, олардың есімдерін жария етуді жалғастырады. Кез келген азғын кездесуге көндіретін баланың орнына резеңке бұйымдары бар, оның бетіне басуға қауқарлы, шымыр жігіттер келуі мүмкін екенін жақсылап есте сақтауы керек.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады