654

Қуаныш «сыйлайтын» сәлемдеме: Поштадан есірткі тәркіленді

Есірткі «бизнесімен» айналысатын қылмыскерлер саудасын дөңгелету үшін түрлі қитұрқы әрекеттерге барып жатады.

Қуаныш «сыйлайтын» сәлемдеме: Поштадан есірткі тәркіленді
бейнежазбадан алынған кадр

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда АҚШ-тан пошта сәлемдемелері түрінде әкелінген есірткінің ірі партиясын әшкереледі.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттары бар («марихуана» және «каннабис сығындысы») АҚШ-тан келген пошта жөнелтілімдерін ел аумағында өткізу мақсатында алған азаматтар ұсталған.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 8 кг марихуана және 15 кг-ға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеужүргізіліп жатыр, ҚР он азаматы ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері агенттік есірткі айналымы фактілері бойынша 93 қылмыстық іс тіркелген. Заңсыз айналымнан 52 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде гашиш – 8,7 кг, марихуана – 4,8 кг. 

Сонымен қатар 1,7 кг психотроптық заттар тәркіленді (пирролидин – 974 гр., тетрагидроканнабинол - 780,3 гр., метамфетамин - 1,26 гр.), анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және «Тропикамид» көз тамшылары - 1 680 дана.

Материал авторы