«Мақсаты – жұмыстан шығару»: Зейнетке шығуына бір жыл қалған мұғалімді оқушының анасы жұмыстан кетуге мәжбүрлеген

Аиса Махамбет Редактор
14.10.2024, 17:26
2549
«Мақсаты – жұмыстан шығару»: Зейнетке шығуына бір жыл қалған мұғалімді оқушының анасы жұмыстан кетуге мәжбүрлеген freepik.com

Мұғалімнің үстінен арыз жазған ана жиналысқа келмеген. Ал 35 жылдық тәжірибесі бар ардагер мұғалім оқушыларымен жылап қоштасқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласы Наурызбай ауданында оқушының анасы №207 мектеп-лицейінің мұғалімін жұмыстан шығуға мәжбүрлеген. 3-сынып оқушыларының ата-аналары Stan.kz басылымының тілшісіне сынып жетекшінің үстінен негізсіз арыз түсіп, бір ата-ананың педагогты жұмыстан шығуға мәжбүрлегенін айтты. Олар мұғалімді бұрынғы қызметіне қайтаруға ниетті. 

Наурызбай ауданындағы №207 мектеп-лицейінде 3-сынып оқушыларының ата-аналары сынып жетекшісінің нақақтан жұмыстан шығып кеткеніне наразы. 

“Негізі сыныпта 35 бала. Бір бала қыркүйекте жаңадан келді. Келгелі мұғалімге тыным жоқ. Директорға апайдың үстінен шағым түсірген. Болмаған соң директор ата-аналар жиналысын жасады. Бірақ педагогтың үстінен арыз жазған ата-ана жиналысқа келмеді. Мұғаліміміздің 35 жылдық тәжірибесі бар. Келесі жылы зейнетке шыққалы отыр. Тәжірибелі мұғалім болғандықтан ол кісіні қайтарғымыз келеді. Біз де шағым түсірген ата-анамен өзіміз сөйлескіміз келді. Бірақ ол кездесіп, сөйлесуден бас тартты. Оның мақсаты – апайды жұмыстан шығару. Мұның барлығы бір айдың ішінде болып отыр. Балаларымыз мұғалімнің өз еркімен жұмыстан шығып кеткенін айтты. Айтуынша, мұғаліміміз жылап кетіпті”, – дейді ата-ананың бірі. 

Оның айтуынша, мектеп директоры шағым түсірген анамен сөйлесіп, баласын басқа мектепке ауыстыруын ұсынды. Алайда ол басқа мектепке ауысудан бас тартты. 

“Не жиналысқа келмейді, не біздің хабарламамызға жауап бермейді. Білуімізше, күйеуі ерекше күтімді қажет ететін адам екен. Соны қарап отыр екен. Апайымыз кеткен соң қазір бізге уақытша басқа мұғалімді қойды. Сонда бір мектеп, 35 ата-ана отырып бір әйелдің көкбеттігіне бола мұғалімнен айырылып отырмыз. Мұғалімді заң, мектеп әкімшілігі қорғамай ма? Ол әйел үйде отырып алып бәрін бүлдіреді, мұғалімді жылатып, кешірім сұратады. Ол кісімен оқу ісінің меңгерушісі сөйлескен. Сонда “Мазамды алмаңыздар. Айтарымды айттым. Қолдарыңыздан не келеді, жасайтындарыңызды жасаңыздар” деп айғайлап жауап берді, – дейді ашынған ата-ана. 

Жұмыстан кетуге мәжбүр болған мұғалім шағым түсірген ата-ананың жұмысына кедергі келтіретінін, ары қарай шыдай алмайтынын айтқан. 

“Бірде “Менің қызымды өлтірейін деп жүрсіңдер, балаларың қызымның ішінен теуіпті. Мұғалім қайда қарап отыр?” деп жазып жіберіпті. Оның қызын ешкім теппеген. Сөйтіп учаскелік инспекторды ертіп алып келіпті. Сол үшін мұғалімді сотқа бермек болған. Осылайша психологиялық қысым көрсетті. Өз еркімен кетті дейді. Бірақ оны жұмыстан шығуға итермеледі ғой”, – дейді 3-сынып оқушысының анасы. 

Фото: Құжаттан скрин

Мұғалімді мектепке қайтарғысы келетін тағы бір ата-ананың айтуынша, мектеп әкімшілігі ата-аналарға педагогтың жұмыстаны шыққан туралы хабар беріп, ескертпеген. 

“Мұғалімнің үстінен айтқан шағымдары күлкілі. “Неге сабақ кестесі ауыса береді? Неге менің қызым автобуста отырмай, тұрып келген?” деген арыз айтқан. Бірде ортақ чатта отырып, апайға дөрекі сөйлегенін байқадық. Сөйтіп ол кісімен келісе алмағандықтан 5 қазан күні мұғаліміміз жұмыстан шығып кетуге мәжбүр болды. Оның алдында мұғалім оқу меңгерушісіне не оқушыны, не өзін басқа сыныпқа ауыстыруын сұраған. Алайда мектеп әкімшілігі оның бұл өтінішін елемеген. Неге бір ата-ана үшін сынып жетекшіміз ауысуы керек? Ешкім ешқандай шара қолданған жоқ”, – дейді наразы ата-аналардың бірі. 

Осы тұста болған жағдайға қатысты Алматы қаласының білім басқармасы пікір білдірген.

“Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы №207 мектеп-лицейінің 3 “А” сынып жетекшісі Елікбаева Айгүл Балтабайқызы жұма күні мектепке “қуанышты жаңалығым бар” деп келген еді. Басқа қалаға көшуіне байланысты аяқ астынан жұмыстан кетемін деп өтініш жазып, өз еркімен жұмыстан шықты. Сынып жетекшіге ешқандай қысым болған жоқ”, – деп жазды. 

Алайда ата-аналар қалалық білім басқармасының бұл жауабымен келіспейді. 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол