«Біреуі 6 миллион, екіншісі 7 миллион сұрады»: Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша теңге жұмсағанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
14.10.2024, 18:09
2382
«Біреуі 6 миллион, екіншісі 7 миллион сұрады»: Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша теңге жұмсағанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат аналардың гонорарын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер “Көреміз” бағдарламасына келіп, жұмсалған қаражатты бүкпесіз баяндап берді. 

“Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Ашық дереккөзде барлығының бағасы тұр. Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Бірі 250 мың сұрауы мүмкін. Екіншісі “одан көп бер” деп талап қояды. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін қомақты келіскен гонорарын бересің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді. Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Дүниеге сәби алып келетін миссия үшін ондай баға өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі 6 миллион теңге сұрады, екіншісі 7 миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен төлеп жібердім. Өйткені бұл сома мен үшін өте аз болды. Қос анамыз да ондайды күтпеді”, – деді продюсер.

Еске салайық, Баян Алагөзова суррогат аналардың ешбірімен кездеспегенін айтқан еді. 

“Бізге суррогат ана арқылы балалы болуға ұсыныс айтқаннан кейін көп ойландық. Бірақ мен сол кезде-ақ: “Егер нәтижелі болып жатса, мен ешқашанда ол әйелмен кездеспеймін” дедім. Мен өте танымал адаммын. Болашақта ол маған немесе балаларыма тосынсый дайындамайтынына ешкім кепіл емес. Сондықтан ертеңімді ойлап, осындай шешім шығардым”, – деді актриса. 

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады