2414

«Қызық көруге барғандай»: Мобилографымен бірге Талғарға барған депутат Ардақ Назаров желіде сынға қалды

Талғарда марқұм Шерзаттың ауылына барған депутат Ардақ Назаров желіде сынға қалды. Көргендер оның өзімен мобилографын ерітіп алып, журналисттер сұрағын елемегеніне шағымданды.

«Қызық көруге барғандай»: Мобилографымен бірге Талғарға барған депутат Ардақ Назаров желіде сынға қалды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Ардақ Назаровтың видеосын жариялады. 

“Ардақ Назаров – Алматы облысынан сайланған депутат. Талғар өзінің округі. Не үшін барды? Не бітірді? Халық қан жылап тұр. Ал мұның жүрісін, жауабын қараңыздар. “Көріп алайын” дейді. Нені көрмекші? Қасына мобилограф ертіп алған. Тойға барғандай. Жүрген-тұрғанын видеоға түсіріп, әдемі пост жазып қойыпты. Бардым халықтың қасынан табылдым деген есеп үшін бе? Сәл болсын намысы болса, депутаттық мандатын тапсыра салуы керек қой”, – деді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Марқұмның жетісі өтер шақта отбасының үйін әлдебіреулер өртеп кетті. Қазір 16 жастағы жасөспірім мерт болған Талғар қаласын Ұлттық ұлан сарбаздары күзетіп жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор