«Бұлай жалғаса берсе елде бала қалмайды»: Астаналық әйел ұлын төрт адам 9-қабаттан лақтырып жібергенін айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
14.10.2024, 19:59
4866
«Бұлай жалғаса берсе елде бала қалмайды»: Астаналық әйел ұлын төрт адам 9-қабаттан лақтырып жібергенін айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Астаналық әйел 19 жастағы ұлын төрт бала қинап, тоғызыншы қабаттан лақтырып жібергенін мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұмның анасы елде заң жоқ екенін айтып шағынды. Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды дейді әйел.

“4 баласы бар анамын. Шырылдап, әділдік іздеп отырмын. Ұлым ішпейді, шекпейді, академияда оқиды. Күдіктілер “өзі ішті” деп жаланы марқұм ұлыма жаппақ. Заң қайда? Менің жанайқайымды естіп отырған ешкім жоқ. Құзырлы органдар кінәлілердің жазасын заңды түрде бергенін қалаймын. Қылмыс бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар мүлдем қалмайды”, – дейді марқұмның анасы.

Аталған іске қатысты Stan.kz тілшісі Астана қаласы полиция департаментінен жағдайдың мән-жайын сұрады.

“Осы жылдың 13 қазанында тіршілік белгісі жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін марқұмның жеке басы анықталды. Алматы аудандық ішкі істер басқармасы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды”, – делінген хабарламада. 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол