«Қазақстанда әділдік жоқ»: Шерзаттың әкесі отбасын қорғау үшін елден көшетінін мәлімдеді

15.10.2024, 09:16
5391
«Қазақстанда әділдік жоқ»: Шерзаттың әкесі отбасын қорғау үшін елден көшетінін мәлімдеді бейнежазбадан алынған кадр

Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзаттың әкесі Қазақстаннан көшуден басқа амалы қалмағанын айтып, халыққа жеке парақшасы арқылы видеоүндеу жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Қазақстанда ұлының өліміне қатысты әділ шешім шықпайтынына көзі жеткенін айтты. 

“Бір ғана өтінішім бар, қазақ елінде ешқандай қан-төгіс болмасын. Тоқаев мырзадан сұрайтыным, отбасымды аман-есен алып, басқа мемлекетке көшіп кетуіме жағдай жасасын”, – деді Шерзаттың әкесі.

Қаржаубай Нұрымов күні кеше желіде тараған өзінің пышақ ұстаған видеосына қатысты пікір білдірді. 

“Олар пышақпен келді. Мен енді қаламмен немесе қағазбен шықпаймын ғой. Жалынып, жалбарынып сұрадым, қолдарын алдым. Сол жерде қолдарын еркекше беріп кетті. Артынан келіп істеп отырған тірлігі – мынау. Мен, Шерзат немесе Нұрғанат біреуіміз сол жерде қан төксек бізді қаралап, “қанішер” десеңіздер болады. Мен қан төккен емеспін, қан төкпеймін де.

Менің басымдағы жағдайды, қарындасымның, анамның, әйелімнің қалай жылағанын көрсеңіздер түсінесіздер. “Анам, әкем” деп жылау бір бөлек, бірақ “ботам” деп жылау мүлдем бөлек. Мен қазақ болған соң бірде-бір қазақтың қаны төгілмесін деймін. Айтарым осы. Соттаймын, атамын десеңіздер, өздеріңіз білерсіздер”, – деді марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов.

Сондай-ақ ол пікір бөліміне "Мен үкіметтен ақша, үй сұрамадым. Олардан ештеңе керек емес. Тек әділ сот болса болды. Ел тыныш, отбасым аман болсын" деп қалдырды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды