«Адвокат жалдадым, жалған ақпарат таратқандар жауап береді»: «Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев үндеу жасады

15.10.2024, 09:53
1207
«Адвокат жалдадым, жалған ақпарат таратқандар жауап береді»: «Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев үндеу жасады бейнежазбадан алынған кадр

Ол өзіне жала жабылғанын, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратылып жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда бір топ адамның қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің бастығы делінген "Хутор" бандасының басшысы Хасан Қасымбаев қазақстандықтарға үндеу жасады.

Хасан Қасымбаев желіде таралған ақпарат отбасының мазасын қашырғанын алға тартты.

“Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттағы Қасымбаев Хасан деген мен боламын. Талғарда болған қайғылы оқиға, Шерзат деген баланың қазасына, туған-туысқандарына, әке-шешесіне қайғырып көңіл айтамын. Әрине, қиын. Ешқайсымыздың басымызға бермесін. Мен де әкемін. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырмын.

Біздің отбасымызға да оңай болып тұрған жоқ. Қанша күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпарат менің және отбасымның мазасын қашырды”, – деді ол.

Өз сөзінде Қасымбаев ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, қылмыскерлердің жазаға тартылатынына сенім білдірді. 

“Банда, ОПГ деп жатыр ондайға қатысым жоқ. Заң алдында проблема болмаған, сотталмағанмын. Әрине, інісі сотталған деп айтып жатыр. Інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын. Адвокат жалдадым, жалған ақпарат таратқан тұлғалардың бәрін заң бойынша жауап беруін сұраймын. Мен туралы айтылып жатқан ақпарат көп, заң бойынша арыздарын жазсын. Қылмыскерлер ұсталып, заң бойынша жазаларын алады деп ойлаймын”, – деді ол үндеуінде. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды