Скрининг һәм селқостық: Былтыр елімізде сүт безі обырынан 1 мыңнан астам әйел көз жұмды

15.10.2024, 15:40
788
Скрининг һәм селқостық: Былтыр елімізде сүт безі обырынан 1 мыңнан астам әйел көз жұмды Shutterstock

Елімізде ана мен бала денсаулығына қатысты кешенді бағдарламалардың әзірленуі бекер емес.

Жыл сайын түрлі аурулардан көз жұматын әйелдердің қатары азаймай тұр. Бұл ретте, Денсаулық министрлігі мамандары әйелдерді уақтылы скринингтен өтуге үндеуде.

Бүгінде сүт безі обыры онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлерінің біріне айналып отыр. Қазақстанда тек 2023 жылы сүт безі обырының 5,5 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталған. Бір жылдың ішінде бұл аурудан 1 мыңнан астам әйел көз жұмған.

«Сүт безі обырын ерте кезеңде уақтылы диагностикалау кезінде әйелдердің толық емделуі 95%-ға жетеді. Бұл аурудың профилактикасы және ерте диагностикалау мақсатында 40 пен 70 жас аралығындағы әрбір әйел 2 жылда 1 рет сүт безі обыры бойынша маммологиялық скринингтен өтуі керек», - делінген министрлік хабарламасында.

ДДСҰ деректері бойынша, бұл обыр қатерлі ісік диагноздарының 21%-ын құрайды. Әлемдік статистикаға сәйкес жер шарындағы әрбір сегізінші әйел сүт безі обырымен ауырады.

Әйелдердің осы қауіпті ауру туралы хабардар болуы үшін жыл сайын 15 қазанда Дүниежүзілік сүт безі обырымен күрес күні атап өтіледі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды