Субсидия сарсаңы: Жамбылда демеуқаржы кезексіз үлестірілген

15.10.2024, 16:01
627
Субсидия сарсаңы: Жамбылда демеуқаржы кезексіз үлестірілген dzen,ru

Бұған дейін ұсақ шаруашылықтар субсидиядан қалыс қалып қоятындарын жиі айтатын.

Ірі шаруашылықтар болса дер кезінде демеу қаржыға қол жеткізіп, шаруасын дөңгелетіп отыр. Жауапты органдар болса ол мәселе онлайн түрде өтініш беру арқылы шешілетінін алға тартып, өздеріне шаң жуытқысы жоқ.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан субсидия өтінімдерін қарау кезінде кезектілікті сақтамау фактілерін анықтады. 

Субсидиялау саласына жүргізілген мониторинг барысында субсидия төлеу кезінде кезектілікті жүйелі түрде сақтамау, субсидияны уақтылы төлемеу және жекелеген шаруаларға артықшылық көрсету түріндегі жемқорлыққа алып келетін тәуекелдер тіркелген.

Мысалы, 2023 жылғы шілде айында кезекке тұрған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдерінен бұрын, кезекке кейінірек тұрған, яғни 2023 жылдың қазан айындағы өтінімдер қаралып, оларға субсидия төленгені белгілі болды.

Аталған кемшіліктер субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен «Қазынашылық» ақпараттық жүйелері арасында интеграцияның жоқтығынан және жекелеген қызметкерлерде дискрециялық өкілеттіктердің болуынан орын алған.

Департаменттің ұсынысынан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия төлеу бойынша төлем құжаттарын қарау алгоритмін бекітті және дер кезінде қаралмаған 243 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің субсидиялары төленді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді