«Көзі көгеріп, мұрны сынған»: Шерзаттың әкесін ұрып-соқты деген желі қолданушыларына полиция жауап берді

15.10.2024, 17:05
1322
«Көзі көгеріп, мұрны сынған»: Шерзаттың әкесін ұрып-соқты деген желі қолданушыларына полиция жауап берді бейнежазбадан алынған кадр

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қоқан-лоқы көрсеткендердің де үстінен іс қозғалмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Талғар ауданындағы қылмыстың тергеу барысы туралы брифингте прокурорларға жәбірленушілердің ата-анасынан жауап алынбай жатқаны және жәбірленушінің әкесіне әлі де қоқан-лоқы көрсетіліп жатқаны туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Редакция брифинг кезінде Самат Аисовтан неліктен жәбірленушілердің ата-анасынан жауап алынбай жатқанын сұрады. 

"Қазір күдіктілерден толық жауап алынды. Қазіргі жоспарда бар. Алайда әзірге жәбірленушілерден жауап алуды адамгершілік тұрғыда тоқтата тұрдық”, – деп жауап берді Самат Аисов.

Сонымен қатар тілші "Кеше сіздер көрсеткен видео әлеуметтік желіде тараған. Бұдан кейін әкесі мәлімдеме жасады. Халықтың бәрінің назары сонда. Оқырмандар әкесінің беті көгерген, мұрны қисайған деп алаңдаушылық білдіріп жатыр. Әкесін қорқытып, қоқан-лоққы көрсетіп жатыр ма?" деп сұрақ қойды.

"Мұндай жағдай болған жоқ. Таңертең ғана облыс прокуроры Берік Адамов жәбірленушінің адвокатымен сөйлесіп, бүгін түсте түсініктеме береміз деп айтты. Осы бойынша дәлелдерді зерттеп, нақты ақпарат береміз. Бұған дейінгі қылмыстық істегі құрам бойынша түсініктеме аламыз", – деді Бауыржан Әлеков.

Сонымен қатар Самат Аисов бұған дейін белгісіз көліктер келіп қорқытқаны жөнінде Қылмыстық кодекстің 115-бабына сәйкес іс қозғалғанын қоса кетті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды