«Сен французша сөйлеп тұрсың ба?»: Министр Черчесовтың қазақ тіліне әзілдегені үшін федерациядан түсініктеме талап етті

Аиса Махамбет Редактор
16.10.2024, 09:59
713
«Сен французша сөйлеп тұрсың ба?»: Министр Черчесовтың қазақ тіліне әзілдегені үшін федерациядан түсініктеме талап етті ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов Словенияға қарсы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келемеждеген еді. Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан болған оқиғаға қатысты түсініктеме беруін талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық құрама бапкері Станислав Черчесовтің қазақша сұрақ қойған журналиске "Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба” деуі халықтың наразылығын тудырды.

Туризм министрлігі футбол федерациясына ресми сауал жолдады. Хатта Конституция мен "Тілдер туралы" заңда қазақ тілінің ерекше мәртебеге ие екендігі және оны барша азаматтар құрметтеуге міндетті екені айтылған.

"Министрлік ұлттық құраманың бас бапкерімен мемлекеттік тілді құрметтеу қажеттілігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етті. Қазақстан футбол федерациясы ведомстволық бағынысты ұйым емес, оның ішкі мәселелеріне араласа алмаймыз. Дегенмен, министрлік еліміздің спорт саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган ретінде қажетті түсініктемелерді сұрауға құқылы", – делінген ведомство хабарламасында.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды