908

Мемлекеттік наградалар оңды-солды таратылмайды

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Мемлекеттік наградалар оңды-солды таратылмайды
Aqorda

Құжатты талқылау барысында мынадай түзетулер енгізілді:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар алу кезінде қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған нормалар енгізілді;

- Мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға бағытталған тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары бекітілді.

«Заң жобасы аясында қаралатын мәселелер аясының кеңеюін ескере отырып, депутаттар заң жобасының тақырыбын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді», - деді Ерлан Саиров.

Мәжіліс депутаттары осы заңды қабылдап, Сенатының қарауына жолдады.

Материал авторы