5014

2025 жылы Ораза айы қашан басталатыны белгілі болды

ҚМДБ кестені бекітті.

2025 жылы Ораза айы қашан басталатыны белгілі болды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

ҚМДБ Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын еске салды.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, - делінген мәліметте.

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда кіреді. Ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түніне белгіленген. Ал Құрбан айт 6 маусымға тура келген. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор