Россельхознадзор кедергі жасап отыр – Айдарбек Қожаназаров

16.10.2024, 14:47
940
Россельхознадзор кедергі жасап отыр – Айдарбек Қожаназаров vij.ru

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров биыл Қазақстанда жиналған мол астықты шетел нарығына өткізуде қиындықтар болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

«Россельхознадзор біздің астыққа қатысты кедергілер жасап жатыр деп санаймын. Қазақстанның экспорттаушылары өзінің өнімін Ресей аумағы арқылы Еуропаға тасымалдау кезінде қиындыққа тап болды. Тауарларын тоқтатып, санитарлық сертификаттарын бермей жатыр. Бұл өз кезегінде үлкен шығындарға әкелуі ықтимал. Осы жылы 25,2 млн тонна көлемінде мол астық жиналды. Сондықтан бұл өнімді тиімді экспорттау міндеті тұр», - деді А. Қожаназаров.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында аталған мәселеге қатысты Айдарбек Қожаназаров Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына сауал жолдады.

«2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясы Қазақстанның астығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің Ресей аумағы арқылы өтуіне біржақты шектеулер енгізді. Осы теріс шешімнің нәтижесінде астыққа, дән өнімдеріне, күнбағыс тұқымына, қызанақ, бұрыш және басқа да өнімдерге фитосанитарлық сертификат беруді тоқтатты. Халықаралық келісімдер жайына қалды», - деді депутат.

Оның айтуынша, Россельхознадзор енгізген шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың талаптарын бұзып тұр.

«Ресей Федерациясымен ресми келіссөздерді бастау керек. Қазақстандық өнімнің транзитіне негізсіз фитосанитарлық шектеулер жойылсын. Қазақстандық өнімнің экспорты үшін басқа да логистикалық бағыттарды іске қосуымыз керек. Мәселен, Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран және Түрікменстанның қатысуымен тасымалдаудыұйымдастыру қажет. Керек болса өнім тасымалы үшін субсидия қарастырыңыздар. БұлРесейлік транзитке тәуелді болудың жолын кеседі. Сонымен қатар, Қытаймен арадаҚазақстан астығы мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге арналған квоталарды ұлғайту мәселесін қарау қажет», - деді Айдарбек Қожаназаров.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды