Депутаттар «инфосығандарға» тексерісті күшейтуді сұрады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
16.10.2024, 18:30
1039
Депутаттар «инфосығандарға» тексерісті күшейтуді сұрады (ВИДЕО) dreamstime.com

Желідегі «инфосығандардың» арасында танымал әншілер мен айтыскерлер де бар дейді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутат Жарқынбек Амантайұлы “инфосығандардың” көбеюі қоғамды дүрліктірген маңызды мәселеге айналғанын айтты. 

“Байқап қарасақ, әлеуметтік желілерде "бақытқа жету жолын көрсетемін, жылдам баюды үйретемін, күйзелістен құтқарамын, түпсанаңды түзетемін, бір айда жұлдызға айналдырамын, тез арықтатамын, шет тілінде сайратып жіберемін" деген секілді сан түрлі курс, вебинар, тренинг сатушылар – блогер, бизнес тренер, коуч, психолог, мотиваторлардың жарнамасы желдей есіп, сауданың көрігін қыздырып жүр. "Аңқау елге арамза молда" демекші олардың арасында елге танымал шоу-бизнес өкілдері, айтыскерлер де бар”. Оларды ауызекі тілде "инфосығандар" деп атайды”, – дейді ол.

Депутаттың сөзінше, олардың жүздеген мың теңгеге бағаланған сабақтарын жұрт несие рәсімдеп, сатып алады.

“Елдің еңсемді көтерсем деген адал үмітін арам жолмен пайдаға айналдырғандарды қалай атауға болады? Бұлардың ешбір сүзгі мен қадағалаудан тыс өткізіп жүрген сабақтарының кесірінен талай отбасының шаңырағы ортасына түсті. Қарияның бірауыз сөзі еліңді, кейуананың бір ауыз сөзі келінді тәрбиелеген ұлтымыздың отбасы құндылығын кім көрінген өзінше түсіндіріп, шаңырақтардың шырқын алды. Өз тағдырын түзей алмағандар өзгенің киелі табалдырығына төрелік айтып бағады”, – деп қосты өз сауалында депутат. 

Мәжілісмен “инфобизнес” өкілдерінің көпке ұсынып отырған сабақтары ұлттық құндылықтарға, мемлекеттің "Неке және Отбасы туралы" Заңына қаншалықты сай екенін ешкім тексермейді дейді. 

“Сөйте тұра кейбір деректерде еліміздегі осындай инфобизнестің жылдық айналымы 500 миллион доллар болғаны айтылған. Болжам бойынша алдағы 5 жылда 2 миллард долларға жетуі мүмкін дейді. Айтпақшы, олар мемлекетке салық төлей ме өзі?! Тіпті Инфосығандардан мезі болған жұрт оларға тыйым салу мақсатында 2023 жылдың 23-қарашасында петиция да жариялаған екен. Өкінішке қарай, қараусыз қалса керек. Былтыр мәжіліс қабырғасында "Онлайн Платформа және онлайн жарнама" туралы заң жобасы қабылданды. Осы Заңның әлі де болса орындалуы осал болып жатқанын көріп отырмыз. Әйтпегенде, біз көтеріп отырған мәселенің көбі дерлік аталған заңда бүге-шігесіне дейін қамтылған”, – деді Жарқынбек Амантайұлы. 

Осылай дей келе депутаттар келесі ұсыныстарды ұсынды:

– Инфобизнес платформаларының мазмұны мен идеологиясына, заңдылығына, оны жүргізушілердің деректеріне мониторингті күшейтіп, заң бұзушылықтарға жедел әрекет ету қажет;

– "Онлайн Платформа және онлайн жарнама туралы" Заңға сәйкес, жауапкершілікке тартуда уәкілетті органдарға тиісті уәкілеттік толық берілуге тиіс. Осы уақытқа дейін аталған заң аясында қанша адамға жауапкершілік жүктелгені туралы статистиканы ашып көрсету маңызды.

– Бизнес тренерлер мен коучтер үшін арнайы, кәсіби стандарттар бекітілуге тиіс;

– Халық арасында интернет алаяқтардан, инфосығандардан қорғанудың амалдарын түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды