«Мобилографсыз өзім бардым»: Талғарға мобилографымен барды деп сынға қалған Ардақ Назаров өзін Абаймен салыстырды

Аиса Махамбет Редактор
16.10.2024, 19:32
1096
«Мобилографсыз өзім бардым»: Талғарға мобилографымен барды деп сынға қалған Ардақ Назаров өзін Абаймен салыстырды бейнежазбадан алынған кадр

Депутат жұрттың оған сын айтқанына қуанатынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутат Ардақ Назаров Талғарға сапарынан кейін өзіне тағылған сындарға жауап беруге тырысты. Оның үстіне Назаров желідегі сындарды оқымайтынын және тіпті өзіне қатысты пікірталас болғанына қуанышты екенін айтты.

"Мысалы, басында пікір оқымаймын деп айтқанмын. Басымды қатырып қайтемін? Тіпті біздің пайғамбардың өзін жынды деген, Иса пайғамбарды өлтірмек болған. Абайды даттаған кезде, Шәкәрімді құдыққа тастаған кезде Ардақ Назаровқа сын айтылғанына қуанамын. Яғни осы депутат болғанға дейін сынды әрбір жерден еститінбіз. Ол уақытта өз отбасыма, спорт залыма, жастарға жауап беретінмін. Ал қазір мұнда халықтың жауапкершілігі тұр. 20 миллион адам бар болса, 20 миллион пікір бар. Барып мұндай емеспін, осындаймын, жақсы ниетпен бардым. Азаматтық парызымды орындап жатырмын демеймін. Жанымда мобилограф болған жоқ деп ақталмаймын ғой. Өзімді, ісімді білемін", – деді Ардақ Назаров.

Сонымен қатар ол журналиске неліктен ұрсып жібергенін түсіндірді.

"Жер қымбат, ел қымбат, ата-ана қымбат және адамның ар-намысы қымбат. Ар-намысыма тіл тигізіп жатқандардың санасы біледі. Бірақ ертең біреудің қарғысы, енді бірінің жаман сөзі болады. Мысалы, біреуді қаралап көрсетіңіз. Бірақ ол мұндай адам емес болып шығады. Сол кезде ол адам сізге ренжуі мүмкін. Сіз айтқан жаман сөз ұрпағыңызға тиеді. Содан сақ болуыңызды сұраймын", – деді Ардақ Назаров.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды