«Жақсы гонорар берді»: Ақбота-Нұр кинодағы «сүйісу сахнасына» қатысты ойын бөлісті
Отандық актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет желіде дау туғызған “сүйісу сахнасына” қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші әрі актриса көрерменге жол тартқан “Адал алаяқтар” фильміндегі дау болған сахнасы туралы Revue News бағдарламасында айтып берді.
“Оңай болған жоқ. Жан-жақтан соққылар келді. Хайп ретінде жасаған дүниеміз біраз денсаулығыма, жеке өміріме әсер етті. Хайптың аты хайп деген осы. Ол үшін жақсы гонорар төленіп жатыр", – отандық киножұлдыз.
Одан кейін актриса түсірілім кезінде жарақат алғанын айтып, бүгінде денсаулығына күш түсіп тұрғанын жасырмады.
"Продюсерімізге шағымданайын деп тұрмын. Түсірілімге барғанда жарақаттанып қалдым. Бір-екі қимылым дұрыс болмай, жігіттеріміз үстелді дұрыс қоймағандықтан құлап, жарақат алдым. Сосын он күндей емханада жатқан едім", – деді өнер иесі.
Материал авторы