Шерзаттың әкесін қорқытып, ұрып кеткені рас па? Қаржаубай Нұрымов бетінің көгеру себебін түсіндірді

Аиса Махамбет Редактор
17.10.2024, 10:15
1086
Шерзаттың әкесін қорқытып, ұрып кеткені рас па? Қаржаубай Нұрымов бетінің көгеру себебін түсіндірді бейнежазбадан алынған кадр

Халық марқұмның әкесін қорқытып, оның мұрнын сындырып, бетін көгерткен болуы керек деп болжаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов беті көгеріп, мұрны сынған жағдайға қатысты мән-жайды айтты. Бұл туралы ол Instagram-дағы іске қатысты ресми хабар таратушы justice_for_sherzat парақшасында жарияланған видеода айтып берді. 

Жарияланған видеода Қаржаубай Нұрымов бетінің көгеріп, мұрнының сынуы 4 қазанда болған оқиғадан дейді.

"Біріншіден, салыстырылып отырған фотолар әртүрлі жарықта, бұрышта және уақыт аралығында түсірілген. Сынған мұрын – бұл 4 қазанның сол қайғылы түнінің салдары. Каржаубай ұлын қорғауға тырысқан кезде мұрны сынған.

Енді анатомия тұрғысынан қарасақ, бетке тиген кез келген соққылар біраз уақыт өткен соң ісіп, көгерулер пайда болады. Бұл әртүрлі факторларға – соққының күші, тері типі, тамыр құрылымы, жас және терінің жалпы күйіне байланысты. Сондықтан расталуы немесе расталмауы тиіс дәлелдерді зерттейтін арнайы сарапшылар бар", - делінген парақшадағы видео сипаттамасында.

Үшіншіден, бұл жекелеген адамдардың алып-қашпа әңгімелері дүрбелең тудырып, жалған ақпарат таратып жатқан жағдай делінеді.

"Сенімді әрі тексерілген дереккөздерге сенейік. Қазіргі уақытта команда отбасымен бірге тергеуге қатысуда, өз айғақтарын беріп жатыр. Қажетті уақыт келгенде, біз анықталған жаңа фактілерді міндетті түрде хабарлаймыз. Қолдау мен қамқорлық білдіргендердің барлығына алғыс айтамыз, бұл дәл қазір бізге ең қажет нәрсе", - делінген жазба сипаттамасында.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады