921

Қаржысыз қалдырған қаржы пирамидасы

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 20 млрд теңгеге жуық шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеп, алаяқтық схемаларға 21,5 мыңға жуық салымшы тартылған.

Қаржысыз қалдырған қаржы пирамидасы
sputnik

Нәтижесінде 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді.

Мәселен, Алматыда «HitBeatMusic» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан.

Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15% - на дейін пайдасын уәде етті. Келтірілген залал сомасы 255 млн теңгені құрайды. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Материал авторы