Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесі қорғалды

17.10.2024, 13:36
1086
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесі қорғалды коллаж smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков вице-премьер Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында мүгедектігі бар азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақыны қоса төлеуді ұсынды.

«Қазір мүгедектігі бар жандар зейнет жасына келгенде не зейнетақыны, не жәрдемақыны таңдауға мәжбүр. Еңбек өтілі 1998 жылдан басталатын мүгедек азаматтарға зейнетке шыққанда тек зейнетақы қорында жиналған қаражат қана бөлініп беріледі. Бұл - қорға қаражат аудармайтын мүгедек жан ештеңесіз қалады деген сөз. Айына 95 мың теңге жәрдемақы алатын мүгедек несін аударады?» - деді депутат.

Оның мәліметі бойынша. қазір бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар 95 496 теңге, екінші топ 79 435 теңге, үшінші топтағы мүгедектер 69 886 теңге жәрдемақы аладыекен.

«Сол себепті, жәрдемақы мен зейнетақыны қоса беру керек. Ондай болмаған жағдайда еңбекке қабілетті мүгедектерді жұмыспен қамту қажет. Егер бұл мәселенің оң шешімі табылмаса, бір миллионға жуық азамат автоматты түрде кедейшілік шегіне енетінболады. Осы айтылғандарды ескере келе мүгедектігі бар тұлғалар зейнет жасына жеткендеде жәрдемақысын тоқтатпай қоса берудің жүйесін қалыптастыру керек. Ол үшін Әлеуметтік кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспары 2025 жылдан кейін де жалғасын табу керек», - деді Таңсәуле Серіков.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады