Илон Масктың анасы Алматыда кішкентай қыз баланың тұсауын кесті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
17.10.2024, 15:04
926
Илон Масктың анасы Алматыда кішкентай қыз баланың тұсауын кесті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Атақты миллиардердің анасы кішкентай қыз баланың тұсауын кесіп, бата берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Америкалық кәсіпкер, Tesla негізін қалаушы Илон Макстың анасы алғаш рет Алматы қаласына ұшып келді. Сапар барысында Мэй Маск бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Мэй Масктың тұсау кескен сәтінің видеосын Алматы қаласының мәслихат депутаты Қарашаш Жүзеева Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Таңғажайып әйел Мэй Маск @mayemusk болашақтың кодын ашқан Илон Масктың анасы болғанымен ғана танымал емес. Сонымен қатар ол ең үздік рөл моделі бола жүріп,, жасқа қатысты қалыптасқан қағидаларды бұзып келеді", - делінген жазбада. 

Кеше, 16 қазанда Масктың қатысуымен "Белсенді және сапалы ұзақ өмір сүру клубының" кездесуі өткен. Бүлдіршіннің тұсауын осы іс-шара кезінде кескен.

Мэй Маск 17 қазанда Алматыда өтетін BeWoman Ортаазиялық әйелдер форумына қатысады. Қонақ алматылықтармен денсаулық, қартаю, гендерік теңдік, балаларды жалғыз асырау мен қиындықты еңсеріп, өзіңе деген сенімділікті арттыру тақырыбында әңгіме өрбітеді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыға Илон Масктың анасы келетінін хабарлаған болатынбыз.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды