19365

«Жатып қалдым»: Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалды

Елге танымал әзілкеш дертке шалдығып, ауруханада жатыр.

«Жатып қалдым»: Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ауруханада жатыр.

Отандық әзілкеш бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ассалаумағалейкум, құрметті көрермен! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімнің 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын! – деп жазды ол.

Әртістің денсаулығына қатысты өзге жайттар айтылмаған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор