1730

Имамнан келген ажалы: Үржарда 11 жастағы бала қайтыс болды

Оқиға Абай облысында болған.

Имамнан келген ажалы: Үржарда 11 жастағы бала қайтыс болды
iStock

Абай облысында 14 қазанда Toyota RAV-4 маркалы көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші Үржар ауылының Гагарин көшесімен келе жатып, 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оқиға салдарынан Үржар ауданының орталық ауруханасында бала жан тапсырды.

Осы факт бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді. Үржарлықтардың айтуынша, бала қаққан адам имам екен.

Тергеу барысы Абай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Материал авторы