Атыраудағы мұнай зауытында қанша жанар-жағармай қалды?

Аиса Махамбет Редактор
17.10.2024, 17:30
2273
Атыраудағы мұнай зауытында қанша жанар-жағармай қалды? facebook.com/Атырауский Нпз

Мұнай өңдеу зауытының қорындағы деректер айтылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазаннан бері жоспарланған алдын алу жұмысы басталған еді. Қазір бұл зауыттың қорындағы жанар-жағармайдың қоры қанша? Бұл туралы Kazinform жазды.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің ақпаратына қарағанда, қазір жоспарланған алдын алу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Соның аясында бірнеше бағыттағы жұмыс қолға алынған. Бұл – жабдықтарды тазалау, пештер мен реакторларды қаптау, тозған жабдықтар мен катализаторларды ауыстыру, колонна жабдығының ішкі құрылғыларын модификациялау. Сондай-ақ, қысыммен жұмыс істейтін құралдарды тексеру мен қадағалау жөнінде іс-шаралар қолға алынған.

«Зауыттың бұрын жиналған қоры есебінен жоспарланған алдын алу жұмыстары кезінде Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес бензин, дизель отыны, сұйытылған газ, авиаотын және басқа да мұнай өнімдері тұрақты әрі жүйелі жөнелтіліп жатыр. Қазір зауыттағы резервуар паркінде 10,9 мың тонна автобензин, 4,1 мың тонна дизель отыны, 2,4 мың тонна авиотын және 100 тонна сұйытылған газ бар. Күн сайын орта есеппен 1,1 мың тонна автобензин, 1,2 мың тонна дизель отыны жөнелтіліп отыр. Батыс Қазақстан облысының мұнай базаларында 2024 жылдың 16 қазандағы мәлімет бойынша АИ-92 маркалы бензиннің 2,7 мың тоннасы сақталып тұр. Жолда шамамен 1,29 мың тонна өнім бар. АИ-92 бензинінің базадағы және жолдағы жалпы көлемін ескерсек, Батыс Қазақстан облысында 3,98 мың тонна бензин бар. Бұл – шамамен екі аптаға жететін қор», -деп хабарлады кәсіпорынынң қоғаммен байланыс бөлімі.

Сондай-ақ ішкі нарықта тұрақты жағдайды сақтап тұру үшін «ҚазМұнайГаздың» басқа мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай материалдарының жекелеген түрлерін өндіру көлемі ұлғайтылған. Мәселен, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-дан және «ПҚОП» ЖШС-нен (Шымкент МӨЗ) күніне орта есеппен сәйкесінше 4,2 мың және 7,4 мың тонна автобензин, 7 мың және 5,5 мың тонна дизель отыны жөнелтіледі.

«Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарланған алдын алу жұмыстарын қазан айының соңында дейін аяқтау жоспарланып отыр. Кәсіпорын осы кезде тұрақты технологиялық режимге шығады», - деп мәлім етті кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды