Күш құрылымдары арасында самбодан чемпионат өтті

17.10.2024, 19:29
695
Күш құрылымдары арасында самбодан чемпионат өтті ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Шымкентте дене шынықтыру-спорт қоғамы Орталық кеңесінің ұйымдастыруымен самбодан республикалық чемпионат өтті.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 182 самбист қатысты. 26 команда атынан бақ сынайтын спортшылар жеті салмақ дәрежесінде сынға түспек. Бұл іс-шара спорттық шеберліктің көрінісі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның күш құрылымдары арасында дене шынықтыруды дамытуға қосқан маңызды үлес деуге болады.

Чемпионат нәтижесінде құрылымдар арасындағы орындар төмендегідей болды: ҚР ІІМ командасы - І орынды иеленді, ал ІІ орын - ҚР ІІМ Ұлттық ұланына, ал ІІІ орын — "Динамо" дене шынықтыру және спорт бірлестігінің құрамасына бұйырды. Намысты қолдан бермеген Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің жетістіктерін ерекше атап өткен жөн. Дәлірек айтсақ, қатардағы Салих Шәріп58 келіге дейінгі санатта ІІ орынды, қатардағы Мәди Жеткерген 71 келігедейінгі санатта ІІІ орынды, ал қатардағы Еламан Қойшыбаев 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленді.

Сондай-ақ, "Орталық" өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімінің спортшыларының да олжалы болды. Онда қатардағы Әділет Елемесов 64 келіге дейінгі санатта, ал қатардағы сапар Болат 98 келіге дейінгі санатта чемпион атанды. Астаналық 5573 әскери бөлімінің спортшылары — 79 келіге дейінгі салмақта қатардағы жауынгер Тілек Тоқтамысов ІІІ орыр тұғырынан көрінді. Ал 98 келіден жоғары санатта белдескен қатардағы жауынгер Санжар Жабборов І орынды иеленді.

Ішкі істер министрінің орынбасарыҰлттық ұланның Басқолбасшысы генерал-майор Ансаған Балтабековке осындай маңызды жарыстарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл жеңісменің ғана емес, бүкіл командамыздың үздіксіз жаттығуы мен күш-жігерінің нәтижесі. Алда, 8 қарашада Астанада самбодан әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық аренада Ұлттық ұланның атынанөкілдік ету мен үшін үлкен мәртебе, мен еліміздің намысын лайықты қорғау үшін бар күшімді саламын, – дейді  қатардағы Сапар Болат.

Айта кету керек, Ішкі істер министрлігі өз қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты белсенді дамытуды жалғастыруда. Олар үнемі республикалық жарыстарда ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренадада жетістіктерге жетіп, көптеген спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында жоғары орындарға ие болып келеді.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды