Енді онлайн тегін дәрі-дәрмек алуға болады

18.10.2024, 09:37
721
Енді онлайн тегін дәрі-дәрмек алуға болады iStock

Астана қаласының екі емханасында пациенттерге QR-код арқылы «Әлеуметтік әмиян» бөлімінде (eGov Mobile қосымшасы) тегін дәрілік заттарды беру механизмі көрсетілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық түрде беру жөніндегі пилоттық жобаға ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады, 93 мың рецепт негізінде препараттар берілген.

№4 қалалық емханада он жылдан бері диспансерлік есепте «Қант диабеті»диагнозы қойылған пациент тек жеке QR кодын (ваучер) көрсетіп, дәрі-дәрмектерін мейіргерден тікелей алды.

Осылайша, енді азаматқа қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, мейіргер кезексіз қажетті препаратты өз бетінше бере алады.

Егде жастағы тұрғындар немесе «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін пациенттің қолына тиісті дәрілік заттар беріледі.

Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша кеңейтілетін болады.

«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.

«Әлеуметтік әмиян» қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет.

Азамат дәрілік заттарды алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе тіркеу бұрын жүргізілген болса, сәйкестендіруден өтуі тиіс. Әрі қарай, азамат басты бетте «Әлеуметтік әмиян»бөліміне кіріп, «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» жолын таңдайды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады