«Өзі бастады»: Батыс Қазақстанда балағат сөз айтқан ауыл әкімі жазаланды

Аиса Махамбет Редактор
18.10.2024, 09:57
603
«Өзі бастады»: Батыс Қазақстанда балағат сөз айтқан ауыл әкімі жазаланды бейнежазбадан алынған кадр

Ауыл әкімі Жамбыл Дабысқалиев ауыл тұрғынын боқтап жіберген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі Жамбыл Дабысқалиевтің тәртіптік ісі қаралды. Бұл туралы Kazinform жазды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті жүргізген қызметтік тергеп-тексеру барысында анықталғанындай, округ әкімі Ж.Дабысқалиев биылғы 1 қыркүйек күні ауыл тұрғыны Мереке Есқалиевке қатысты балағат сөз айтуға жол берген.

Ж.Дабысқалиевтың түсініктемесінен мәлім болғанындай, Жаңабұлақ тұрғындары көптеген жиналыстар мен жеке қабылдауларда ауылдың тазалығы мен қауіпсіздігін сақтау, асфальт жолды бұзбау үшін үлкен техникаларды кіргізбеу керектігін сұраған. Содан кейін ауыл ішінде жүк көліктерінің қозғалысын шектеу жөнінде өзара келісімге келген. Алайда 1 қыркүйек күні Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының күзетшісі ауыл ішінде шөп тиеген жүк көлігі жүргенін хабарлаған. Ауыл әкімі жүк көлік иелерімен сөйлесіп, ауыл ішіне айналма жолдар арқылы кіруге болатынын жеткізген. Сол жерде М.Есқалиев сөзге араласып, шөп алып келсе, ауыл ішімен жүретінін алға тартып, әкімге балағат сөздер айтқан. 

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Ж.Дабысқалиев көңіл-күй ауанына беріліп, өзінің балағат сөз айтып қалғанын мойындады. 

Кеңес мүшелері талқылай келе, Ж.Дабысқалиевке сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолдану туралы тоқтамға келді. 

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімін тапты.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген