Депозит сияқты деп ойладық: Jusan Invest клиенттері миллиондаған ақшаларын жоғалтқан

Аиса Махамбет Редактор
18.10.2024, 13:10
1177
Депозит сияқты деп ойладық: Jusan Invest клиенттері миллиондаған ақшаларын жоғалтқан бейнежазбадан алынған кадр

Жапа шеккендердің бірі 10 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Jusan Invest клиенттері өздерінің салымдарының 90%-на дейін жоғалтқанын мәлімдеді. Аталған жағдай туралы “Информбюро” жаңалықтар қызметі жеткізді.

2021 жылы салымшылар құрылымдық ноталарды сатып алған болатын. Алайда, 2023 жылдың көктемінде бұл қаржылық құралдардың құны кенеттен 70%-дан 90%-ға дейін төмендеген. Дәл осы кезде котировкаларды бақылауға болатын қосымша істемей қалған. Нәтижесінде, адамдар құнды қағаздарын дер кезінде сата алмай, өз қаражаттарынан айырылған.

Қаражатты сақтап, көбейтеміз деп жоспарлаған клиенттер, керісінше, жинақтарынан айырылды. Jusan Invest клиенттерінің айтуынша, брокер құрылымдық ноталарды 12% және одан жоғары табыспен депозит ретінде ұсынған. Сонымен қатар, бағаның төмендеуінен сақтандыру қорғауы да бар деп көрсетілген.

Жапа шеккендердің бірі – Қуат Домбай бір сәтте 10 миллион теңгеден астам қаражатын жоғалтты. Құрылымдық ноталардың құны құлдыраған кезде, ол акциялардың бағасын уақытында біле алмаған.

"Бізді ашық түрде адастырды. Бұл қаржылық құралдардың өзекті бағасы бар екенін білдік, бірақ біз оларға депозит ретінде қарадық. Бізге солай түсіндірді. Егер мен сатып алған сәттен-ақ олардың бағасы төмендеуі немесе көтерілуі мүмкін екенін білгенімде, дер кезінде шара қолданар едім”, – дейді ол.

Барлық клиенттер қаржылық сауатты адамдар, бірақ оларға нақты қауіптер туралы ескертпеген дейді заңгер.

"Бұл жерде “Адамдарды алдаған ба?"деген сұрақ туындайды.  Өйткені олар қағаздардың нақты құны қанша екенінен бейхабар болған. Бұл сұраққа жауап болған жоқ. Тек бағаны өздеріңіз қадағалауыңыз керек еді деген жауап қана берілді”, – дейді заңгер Айдар Қашқарбай. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тексеру нәтижесінде 82 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған. Jusan Invest брокерлік компания клиенттері инвестициялық қауіптер туралы хабардар етілген деп жауап берді.

"Аталмыш құрылымдық ноталар жоғары тәуекелді құрал болып табылады, оған 20%-ға дейінгі жылдық пайыздық мөлшерлемелер дәлел, бұл Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі депозиттердегі 1% табыспен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Құрылымдық ноталар ірі халықаралық банктер тарапынан шығарылған, ал Jusan Invest тек осы қаржылық құралдарды сатып алу бойынша брокерлік қызметтер көрсеткен”, – делінген қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдемесінде.

Клиенттер брокермен бейбіт келісімге келеміз деп үміттенуде. Егер нәтиже болмаса, олар сот органдарына жүгінбек.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)