«Оңтүстік – біздің жауымыз!»: Солтүстік Корея оңтүстіктегі кәрістерді жау деп жариялап, көлік қатынасын толықтай тоқтатты

18.10.2024, 13:37
821
«Оңтүстік – біздің жауымыз!»: Солтүстік Корея оңтүстіктегі кәрістерді жау деп жариялап, көлік қатынасын толықтай тоқтатты Jung Yeon-je/​AFP/​Getty Images

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны жау деп жариялап, көлік қатынасын үзді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны "дұшпан мемлекет" деп жариялап, бұл анықтаманы конституциясына енгізген. Сондай-ақ екі ел арасындағы автомобиль және теміржол қатынасын толығымен үзген. Бұл туралы Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі мәлімдеген.

“Корей халық армиясы бас штабы "Оңтүстік Кореяға апаратын жолдар мен темір жолдардың оңтүстік шекарасының шығыс және батыс аймақтарын физикалық тұрғыдан толықтай кесу" шараларын қабылдады. Бұл Корея Республикасын дұшпан мемлекет ретінде қабылдайтын КХДР конституциясының талаптарына негізделген бұлтартпас және заңды шаралар”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ КХДР қорғаныс министрлігінің өкілі "бұғатталған оңтүстік шекараны мәңгілік қамалға айналдыру үшін" одан әрі шаралар қабылданатынын атап өтті.

Оңтүстік Корея билігі көрші елдегі конституциялық өзгерістерді айыптап, Солтүстік Кореяның кез келген арандатушылықтарына батыл жауап беретінін атап өтті.

"Бұл – бірігуге және ұлтқа қарсы әрекет, Оңтүстік Корея халқы мен Солтүстік Корея халқының бірігуге деген үмітіне опасыздық жасайды, үкімет бұл шешімді қатаң айыптайды", – деді Оңтүстік Кореяның бірігу министрлігі.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады