«Қылмысты жасап алып, уайымсыз жатқан»: Түркістанда анасы мен қызын өлтіріп кеткен мұғалімнің ісі жайлы тың деректер айтылды

Аиса Махамбет Редактор
18.10.2024, 15:56
1031
«Қылмысты жасап алып, уайымсыз жатқан»: Түркістанда анасы мен қызын өлтіріп кеткен мұғалімнің ісі жайлы тың деректер айтылды бейнежазбадан алынған кадр

Мұғалімнің қырындап жүргенін айтып қойғаны үшін өш алмақ болған қаскөй анасы мен қызын бір түнде өлтіріп кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Түркістан облысы Келес ауданында анасы мен 16 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі туралы ақпарат тараған.

11 қыркүйек күні түнде екеуінің мәйіті өз үйінен табылған. Куәгерлердің айтуынша марқұмдардың денесінің сау-тамтығы қалмаған. Ал күдікке сол ауылдың 29 жастағы мұғалімі іліккен. Аталған іске қатысты деректерді “Көреміз” бағдарламасы жеткізді. 

Бұл қылмысты жасады деген күдікке ілінген адам мектепте практикант болып жұмыс істеген. 15 жастағы марқұмға көз салып, қырындаған көрінеді. Мұны білген анасы бірден мектеп директорына арызданған. Көп ұзамай 29 жастағы жігіт білім ордасынан шеттетіліпті. Дегенмен ызаға булығып, кек алмақ болған ол жантүршігерлік қылмысты 10 айдан соң жасаған. 

“Оның бар мақсаты қызды зорлау болған. Қыздың киімі кеудесіне дейін түрілген, зорланбады дегенге келіспеймін. Күдіктінің арам пиғылы сол ғана болған. 10 ай бұрын сол титтей қызға желіден жазып жүрген екен. Енді міне анасы мен қызының жанын алып отыр, Әзірейіл”, – деді ауыл тұрғыны Гүлшат Байболатова. 

Қос марқұмның жақыны Ақдидар Ерланқызы әділдік үшін соңына дейін күресемін дейді. 

“Оқиға болған күні түнде ғана үйге шығарып салғанмын. Соңғы рет сол кезде сөйлестік. Әкем 15 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқан еді. Ол кезде бұл іс мүлде қаралмаған. Араға 15 жыл салып осы іс қайта басымызға түсіп отыр. Қайғылы жағдай түнгі 2:00-3:00 арасында болған екен. Бірақ маған суық хабар таңғы 6:30-да жетті. Түнде оқиға болған кезде сіңлім Нұрия өмір мен өлімнің арасында болды дейді. Дегенмен жедел жәрдем келгенше жан тапсырыпты”, – деді Ақдидар Ерланқызы. 

Марқұмның қызы Ақдидар Ерланқызының сөзінше, күдікті марқұм сіңлісінің телефон нөмірін қыздың сыныптастарына күш көрсету арқылы алған. 

“Күдікті бір жыл бұрын болған оқиға үшін солай жасап отыр. Бір жыл бұрын сіңілімнің сыныптастарын түн ішінде ұрып-соғып, күштеп нөмірін алған. Сосын ол мұғалім сіңліме “сен сұлусың” деп жазған. Оны анам көріп, мектеп басшылығына шағым білдірген. Оны білім ордасының директоры шарада көрген. Ол шарада “мұғалім өз еркімен жұмыстан кетті” деп жазылған. Анам ол мұғалімнің жақындары “енді қайталанбайды” деп кешірім сұраған соң полицияға арызданбады. Күдіктінің анасы орыс тілі пәнінің мұғалімі, ал әкесі жұмыссыз. Өзі үйленген, үш баласы бар, әйелі төртіншісіне жүкті”, – деді Ақдидар Ерланқызы. 

Небәрі 6 айында әкесіз қалған Нұрия тергеуші болуды армандапты. Себебі әкесін өлтірген қылмыскер сол күйі жауапқа тартылмаған. Болашақта осы қылмысты ашамын деп, полиция қызметкері болуды мақсат етіпті. Сыныптастарының сөзінше, марқұм қыз сабақта белсенді, оқуда озат, ешкімнің көңілін қалдырмайтын ақкөңіл жан болған. 

Жантүршігерлік қылмыс 11 қыркүйекке қараған түні сағат 2:00-де болған. Көршілерінің үйінен шыққан қорқынышты дауысты естіген Дәулет Әлімқұлов сол маңға жүгіріп жеткен. Тіпті күдіктінің кім екенін бетпе-бет көріп, танып үлгеріпті. 

“Қатты тарсылдаған дыбыс естіген соң “Зарипа, тыныштық па” деп Whats’App желісіне жаздым. Алайда оқымады. Сосын терезе жағына барып, Зарипа деп айқайладым, тынышталып қалды. Қайта кетіп бара жатқан едім, қыздың қиналып, жәрдем сұраған дауысы естілді. Сосын есік жағына барып, кіре берген едім, ақ киімді адам келді де ұрды, еңкейіп белінен ұстап, түріне қарап едім, шошып кеттім. Есік алдында ұстап алып, қатты қысқан едім, футболкасы жыртылып, бірден қашып кетті. Түрін 100 пайыз көріп, танып үлгердім. Күдікті – Абай Асхатұлы деген мұғалім. Оны бала кезден танимын. Сосын көршілерді оятып, полицияға хабарласыңдар, оны ұстасын деп айттым”, – деді куәгер.

Куәгер Дәулет Әлімқұлов үй ішіне көрші Роза есімді әйелмен бірге кірген. 

“Мен де қаннан қорқамын, шыны керек мал сойып көрмеген адаммын. Сосын жанымдағы кісіге жарықты жақпай көрейік дедім. Сол кезде қыз тірі болды, демалып жатты. Ал күдіктіні полиция қарбыз сататын жерінен ұстады. Ол тірлігін тындырып алып, сол жерге барып жайбарақат жатқан”, – деді ол. 

Күдікті 2023 жылы жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша Талғат Бигелдинов атындағы мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде келген екен. 

“Полиция үйіне барса бала жоқ екен. Әкесі ұлының қарбыз сататын жерде екенін айтты. Ол жерге барсақ тал түбінде кереует тұр, сол жерде бейқам жатыр. Күдікті есірткі тұтынған, соның күшімен осы қылмысты жасап отыр ғой”, – деді марқұмның туысы Серік Тоғанбаев. 

Ал марқұмның қызы Ақдидар Ерланқызының айтуынша, сараптамада күдіктінің наркологиялық аурумен ауырмайтыны жазылған. 

“Орта дәрежеде мас болған, алкогольдік ішімдік ішкен деп жазылған. Есірткі табылмаған деп жазылыпты. Ал күдіктінің сыңары Абылай бізге келіп “ол есірткі қолданып, сол әрекетке барып отыр” деп айтты”, – дейді Ерланқызы. 

Марқұм Зарипаның екінші қызының сөзінше, күдіктінің әпкесі қоқан-лоқы көрсетіпті. 

“Мен тергеуден шыққан соң әпкесі Әсия мен сыңары Абылай тұр екен. Әсия маған “сендерде ешқандай дәлел жоқ, дәлелдей алмайсыңдар, біздің таныстарымыз өте көп” деп айтты. Сыңары келіп менен кешірім сұрады. Сол кезде “екі жігіт болып есірткі қолданды. Сол себепті солай жасап отыр” деді. Нұрхан деген жанындағы бала есірткі тасымалдаушы ретінде ғана қаралды. Сөйтсек қанды оқиға болған күні жанында сол жігіт болған екен. Дегенмен бізге жеткен ақпарат бойынша күдікті үйге жалғыз барған”, – дейді Райхан Ерланқызы. 

Марқұм Нұрияның ағасы күдіктімен сөйлесу үшін, арнайы мектепке барған екен. Сол кезде мұғалімдер өзіміз шешеміз деп шығарып салыпты. 

“Қарындасым Нұрия маған оның жазып жүргенін айтты. Сосын мен мектепке күдіктімен сөйлесуге бардым. Сол кезде 4-5 мұғалім, арасында мектеп директоры да бар, мені ішке алып кірді. Оған тиіспе, біз заңды түрде араласып, өзіміз шешеміз, деді. Өздері ақылдасып, жұмыстан шығарамыз, деп ескертті”, – деді ағасы Оразгелді Тоғанбаев. 

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?