«Баланың шалбарын шешкізген»: бірнеше бап бойынша айыпталған P.Diddy-ге балалардың жақпамайы неге керек болғаны айтылды

Аиса Махамбет Редактор
18.10.2024, 16:36
1084
«Баланың шалбарын шешкізген»: бірнеше бап бойынша айыпталған P.Diddy-ге балалардың жақпамайы неге керек болғаны айтылды Getty Images

Әлемге танымал продюсер заңсыз кештер ұйымдастырып, қонақтарға есірткі берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге P.Diddy лақап атымен танымал атышулы америкалық рэпер Шон Комбстың үйінен табылған 1000 бөтелке балаларға арналған жақпамайды не үшін қолданғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

14 қазан күні аты-жөні белгісіз ер адам мен тағы бес талапкер P.Diddy-дің үстінен шағым түсірді. Арызда продюсер Шон Комбстың жақпамайға есірткі араластырғаны айтылған. Кейін оны балаларды зорлау үшін қолданған. 

Талапкердің айтуынша, атышулы продюсер Шон Комбс седативті әсері бар ауыр ұйқысыздықты емдеу үшін қолданылатын флюнитразепамды “қатты ұнататын”. P.Diddy “White party”-де сол қоспаны жасырын түрде алкогольді сусындарға араластырып, қонақтарға ұсынған.

Шон Комбс үйінен табылған балаларға арналған 1000-нан астам бөтелке майды өз құрбандарын зорлағанда қолданды деген болжам бар. Сондай-ақ шағымда Шон Комбс клубтық есірткі GHB қосылған балаларға арналған майды құрбандарының үстіне  құйғаны туралы айтылған. Осылайша, GHB (кездесу кезінде зорлау үшін пайдаланатын есірткі) тері арқылы сіңіп, құрбандары ұйқыға кетеді. Ал бұл жағдай продюсерге құрбандарын еш кедергісіз және қарсылықсыз зорлауға мүмкіндік берген. 

Күдіктінің үстінен талап-арыз түсірген ер адам P.Diddy ұйымдастыруымен Хэмптонда өткен “White party”-де 1998 жылы 16 жасында қатысқан. 

Арыз берушінің айтуынша, ол кешке кіргенде музыка мен ойын-сауық индустриясын қалыптастырған көптеген атақты адамдар мен танымал жұлдыздарды көрген. Талапкер үлкен экраннан түрлерін көрген адамдарды бірден таныды. Тіпті ол дәретханаға бара жатқан жолда P.Diddy-дің өзін көрген.

“Шон Комбс жасөспірімге қызығушылық танытып, онымен сөйлескісі келген. Сөйтіп кешке арнайы әкелінген дәретханалардың жанындағы оңаша жерге барған. Жасөспірім продюсерге өзінің атақты жұлдыз болуды армандайтыны туралы айта бастағанда Комбс кенет оған шалбарын шешуді бұйырған. Сөйтіп ол жасөспірімнің жыныс мүшесін ұзақ уақыт ұстап тұрған”, – делінген құжатта.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады