Елімізде бидай алқабы қысқарып жатыр: Нан бағасы аспандай ма?

18.10.2024, 15:43
1412
Елімізде бидай алқабы қысқарып жатыр: Нан бағасы аспандай ма? Shutterstock

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен Қостанай облысында комитеттің көшпелі отырысы өтті.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов өз баяндамасында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 5 жылда 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен министрлік Жол картасын қабылдағанын айтты. Оның аясында әр облыс әкімдігі үшін әртараптандыру, агротехнологияларды енгізу және басқа да кіші салалар бойынша көрсеткіштер әзірленген.

«Биыл егіс алқаптарының құрылымын нақты әртараптандыру бойынша барынша шаралар қабылданды. Бидай алқабы 450,3 мың гектарға қысқарды. Суды көп қажет ететін дақылдардың алаңы – күріш 6,9 мың га, мақта 10 мың гектарға азайды. Ал майлы дақылдар алаңы 135,5 мың гектарға, қант қызылшасы 9,4 мың гектарға ұлғайтылды», – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Азат Сұлтановтың айтуынша, 2028 жылға қарай бидай алқаптары 855 мың гектарға қысқаруға тиіс. Бұл ретте өнімділікті арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, жалпы бидай түсімі төмендемейді деп болжанып отыр. Сонымен қатар осы кезеңде рентабельділігі жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы: майлы дақылдар – 3,7 млн ​​гектарға, мал азығы – 505 мың гектарға ұлғайтылады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді