Өрттен адамдар мен газ баллондарды шығарған ұландықтар марапатталды

19.10.2024, 12:13
975
Өрттен адамдар мен газ баллондарды шығарған ұландықтар марапатталды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде Ішкі істер органдары мен құқықтық тәртіп әскерінің кешенді күштері мен құралдарының гарнизондық таралымы өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев тексерді.

Полиция қызметкерлері мен ұландықтарға назарын жедел жағдай жасалып, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және көпшілік орындарда қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға ерекше назар аудару туралы нұсқау берілді. Сондай-ақ, елорда аумағында өткізілетін "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасына тоқталды.

Таралым барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың бұйрығымен Есіл өзенінің жағалауындағы мейрамханалардың бірінде өрттің алдын алған әскери қызметшілер марапатталды.  

Полиция генерал-майоры Марат Төлебаев өрт кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 5573 әскери бөлімнің 4 жедел мақсаттағы батальонының сарбаздары Владислав Миллер, Владислав Таргинов, Роман Пестриков пен Виталий Бондаренкоға "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" төсбелгілерін табыс етті.

– Біздің басты міндетіміз — азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қызметте қырағы, сергек болыңыздар және жоғары жауапкершілікті есте сақтаңыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін! - деді полиция генерал-майоры Марат Төлебаев.

Айта кетелік, оқиға орнында батыл әрекет еткен сарбаздың бірі — қатардағы жауынгер Артур Москальцевке 10 күндік демалыс берілді, қазір ол ата-ана, жақындарының қасында.

Таралым соңында жеке құрам марапатқа ие болған сарбаздар құрметіне салтанатты шерумен жүріп өтті.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды