1436

Желіде Талғардың полиция подполковнигі мен «Хуторлық» делінген Хасанның бірге түскен суреті пайда болды

Желіде полиция подполковнигі Еркебұлан Сәрсенбаев пен Хасан Қасымбаевтың бірге түскен фотосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Желіде Талғардың полиция подполковнигі мен «Хуторлық» делінген Хасанның бірге түскен суреті пайда болды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде тараған бұл сурет Хасанның Instagram парақшасына 2016 жылы салынған. 

Фотоға зер салып қарасақ Еркебұлан Сәрсенбаев Хасанмен бірге Талғарда аң аулаған секілді. Себебі фотодан атқа мінгескен адамдардың суық қару арқалап алғанын байқауға болады.

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел суретте бейнеленген полицейдің зейнетте екенін айтты. 

Ал Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, суреттегі ер адам мүлдем полиция қызметкері емес. Айтуларынша, суреттегі Еркебұлан Сәрсенбаев 2024 жылдың 21 мамырында жұмыстан босатылған. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор