Қазақстан құрамасы Какамен келісімшарт мерзімін 2026 жылдың соңына дейін ұзартты

Аиса Махамбет Редактор
19.10.2024, 18:10
1072
Қазақстан құрамасы Какамен келісімшарт мерзімін 2026 жылдың соңына дейін ұзартты Reuters

Кака алдағы жоспары туралы айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какамен келісімшарт мерзімін ұзартты.

ҚФФ мәліметінше, жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін жасалды.

Өзбекстандағы әлем чемпионатында біздің құрама кез келген командамен терезесі тең ойнай алатынын көрсетті. Турнирде сәтті өнер көрсеткеннің арқасында әлемнің үздік бес құрамасының қатарына ендік. Сондай-ақ мундиальде жастарымыздың болашағы жарқын екенін көрдік. Бұл еліміздегі футзалдың дұрыс бағытта дамып келе жатқанының дәлелі. Ал бұған бас бапкер Каканың сіңірген еңбегі өте үлкен. Алда Литва мен Латвияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі күтіп тұр. Біздің мақсат – Еуроның финалдық кезеңіне шығу. Бұл мақсатты орындау үшін Кака бастаған жігіттер барын салатынына күмәнім жоқ, – деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Өз кезегінде Кака алдағы жоспары туралы айтты.

Қазақтан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығына көрсеткен қолдауы мен артқан сеніміне алғысымды айтамын. Қазақстан құрамасының алдына әрқашан да жоғары мақсат қойылады. 2026 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасын алу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Пауло Рикардо Кака.

Айта кетейік, Кака Қазақстан құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның қол астында біздің құрама 2021 жылғы Әлем чемпионатында төртінші орын алды. Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ең үздік көрсеткіші. Бұған қоса Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта ФИФА рейтингінде бесінші орында тұр.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)