2721

«Ақшаны берген сіздер»: Әбдіжаппар Әлқожа өзіне қымбат Mercedes көлігін сатып алды (ВИДЕО)

Көліктің нарықтағы бағасы 40 млн теңгеден асады.

«Ақшаны берген сіздер»: Әбдіжаппар Әлқожа өзіне қымбат Mercedes көлігін сатып алды (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде жақсы жаңалығын бөлісті. Өнер иесі өзіне сыйлық жасап, қымбат көлік сатып алғанын хабарлады.

Шоу-бизнес жұлдызы бұл қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ол су жаңа көлігімен түскен видеосын жариялап, бұрыннан келе жатқан арманын орындағанын айтты.

"Серіні тұлпарынан танисыздар. Көптен армандап, бүгін жеттім. Құтты болсын деп қойыңыздар. Сіздерге жұғысты болсын. Әрбір қазағым мықты көлікпен жүрсін. Мен үшін Mercedes нөмір бір көлік. Жеткізген Алла, ақшаны берген сіздер. Адал еңбек, таза пейіл", - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

Айта кетерлігі, әншінің таңдауы Mercedes-Benz AMG63 маркалы көлігіне түскен. Оның нарықтағы бағасы 40 млн теңгеден асады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор