Енді электромобильді үйінде қуаттайтындарға айыппұл салынады

Аиса Махамбет Редактор
19.10.2024, 19:30
5962
Енді электромобильді үйінде қуаттайтындарға айыппұл салынады freepik.com

Сарапшылар электр қуаты тапшы дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізде электр көліктерін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынады. Электромобильдерді пайдалану бойынша жаңа түзетулер қыркүйек айында күшіне енді. Аталған жайт туралы 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасы жеткізді. 

Данияр Ақатаев өзінің электр көлігін электр қуаттау станциясының көмегімен үйінде қуаттайды. Ер адамның айтуынша, станцияның максималды қуаты 7 киловатт. Электрокар 3-4 күнде қайта зарядтауды қажет етеді. Ал нөлден 100%-ға дейін батарея шамамен 10 сағат зарядталады.

“Негізінен, біз оны қуат көзіне түнде  қалдырамыз. Жеке секторда тұрамыз және үйде қуаттау ыңғайлы, бағасы тиімдірек. Қажет болса, құжаттама бойынша толығымен заңдастырамыз”, –деді Данияр. 

Энергетика министрлігі егер қуат жеткілікті болса, электромобильді қуаттау рұқсат етілгеннен аспаса және есептегіштер дұрыс болса, иелері қосымша келісімдерсіз-ақ қуаттай алады.  Ал егер  бұл мүмкіндік жоқ болса, желілерді жаңарту және жаңа техникалық шарттар қажет болады.

“Егер құрылғы күші жетпей жатса, жаңа техникалық шарттарды алу керек. Желіңізді күшейтіп, үйде электр зарядтау станциясы болса, тұрмыстық емес тұтынушы ретінде тиісті келісім-шарт жасасу қажет”, – деді ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаменті басқармасының басшысы Әлімжан Тұрар.

Сарапшылар бұл шараны қажет деп санайды. Өйткені электр тапшылығы өсуде. Зарядтау станцияларын электр желілеріне қосу желілердің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін техникалық талаптарды сақтауды талап етеді. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды