1607

Асу Алмабаев UFC-де тағы да жеңіске жетті

Ол бразилиялық қарсыласын аяусыз ұрып жықты.

Асу Алмабаев UFC-де тағы да жеңіске жетті
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (21-2) UFC Fight Night 245 аясында бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңді. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтті. 

Кездесу үш раундтқа созылды. Төрешілер шешімімен Асу Алмабаев жеңімпаз атанды. Бұл оның UFC-дегі төртінші кездесуі.

Айта кетейік, отандасымыздың бразилиялық қарсыласы UFC рейтінгінде ең жеңіл салмақ бойынша 7-ші орында тұрған спортшы. Енді бұл орынға қазақстандық спортшы жайғасты.  

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор