1273

Бүгін Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

Теңізде магнитудасы 3,1 болатын сілкініс болды.

Бүгін Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді
wikiwand.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелген. Бұл туралы lada.kz жазды.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні таңғы сағат 02:02-де тіркелген. Ал екінші жер асты дүмпудің де магнитудасы - 3,1,  түскі сағат 11:39-да болған. 

Мамандардың айтуынша, екі жер сілкінісінің де ошағы 68 шақырым тереңдікте жатыр.

Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.

Материал авторы