SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 жастағы мигрант ағымдағы жылдың мамыр айында сот шешімімен елден шығарылған.
"Алайда шетелдік өз еркімен Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеді. Астана мен Алматыда қонақүйлерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Әкімшілік соттың шешімімен шетелдік елден мәжбүрлі түрде шығарылды. Ол әуе рейсімен отанына жіберілді", - деп хабарлады полиция.
4 күн ішінде елордада шетелдік азаматтардың болу ережелерін бұзудың 644 фактісі анықталған.
Сондай-ақ 20 азамат шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылды.
Астанадан Қазақстан Республикасынан 69 шетел азаматы шығарылды.