2284

Қазақстандықтар бүгін түнде аспаннан ерекше құбылысты байқай алады

21 қазанға қараған түні "Орионид" метеорлық ағыны болады.

Қазақстандықтар бүгін түнде аспаннан ерекше құбылысты байқай алады
astronet.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні "Орионид" метеорлық ағынын бақылай алады.

21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.

“Орионидтер басқа метеор ағындарының арасында өздерінің жарқын отты шарларымен ерекшеленеді. Ол секундына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үлкен метеорлардан тұрады”, – делінген хабарламада. 

Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор