1822

Алматы облысында белгісіз адам мотоцикл жүргізушілеріне оқ атқан

44 жастағы күдікті жарыс кезінде қастандық жасамақ болды.

Алматы облысында белгісіз адам мотоцикл жүргізушілеріне оқ атқан
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының тауларында белгісіз адам мотоцикл жүргізушілеріне шабуыл жасап, оларға оқ атқан. 

Бұл туралы @kris_p_almata паблигінде ақпарат тарады. Ондағы видеода жәбірленушілер оқиғаның қалай болғанын баяндап береді. Бейнежазбадан оқиға орнына полицейлер келіп, күдіктіні ұстап әкеткенін көруге болады. Автордың жазуынша, мотоцикл тізгіндегендерге шабуылдаған адам қойшы екен. 

Облыстық Полиция департаменті 44 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын айтты.

"Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешенді жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор