Елордада Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай "Жеңіс жалауы" спектаклінің премьерасы өтті

20.10.2024, 16:34
1156
Елордада Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай "Жеңіс жалауы" спектаклінің премьерасы өтті ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астана қаласындағы "Жастар" театрының сахнасында 1945 жылы 30 сәуірде Берлиндегі Рейхстаг қабырғасына бірінші болып Жеңіс туын тіккен батыр Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған "Жеңіс жалауы" спектаклінің премьерасы өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спектакльді ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ән-би ансамблі мен "Жастар" театрының шығармашылық ұжымы қойды.

Дарынды автор Қанат Жүнісов жазған театрландырылған қойылым ұлы батырдың тағдыры, соғыстың қиын сәттері, майдан даласында көрсеткен ерлігі мен ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайды. Ұйымдастырушылар басты кейіпкердің іс-әрекеттері мен ойлары арқылы Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілікті дәріптейді. Спектакль барысында отансүйгіштік рухын тәрбиелейтін, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын көрсететін әскери және бейбіт жылдардағы әндер шырқалды.

"Жастар" театрындағы спектакль кәріні де, жасты да, барша көрерменін таң қалдырған маңызды оқиға болды.

— Рахымжан Қошқарбаевтың туған жері — Абылай хан болған, Кенесары ту тіккен Ақмола даласы. "Жастар" театры мен Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің шығармашылық ұжымдарына шын жүректен алғысымды білдіремін, олар сахналық қойылым арқылы елінің жолында жауынгерлік рухын көрсеткен Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін ұрпаққа жеткізді, - деді тарих ғылымдарының докторы, Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры Марат Әбсеметов.

Спектакльдің режиссері — белгілі актер және режиссер Дәурен Серғазин. Оның жетекшілігімен аталмыш спектакль терең эмоционалды сезімдер мен патриоттық мотивтерге бай ауқымды туындыға айналды. 

Айта кету керек, іс-шарада көркемдік жетекші Алпамыс Асылбек бастаған Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің әртістері Ұлы Отан соғысы кезіндегі Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін айшықтай түсетін қызықты атмосфераны жеткізе алды.  

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды