«Төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын»: әнші Тоқтар Серіков ұлдарына қалдыратын байлығы туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.10.2024, 17:55
4523
«Төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын»: әнші Тоқтар Серіков ұлдарына қалдыратын байлығы туралы айтты жеке мұрағатынан

Әнші ауылда жеке шаруа қожалығы барын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Тоқтар Серіков төрт ұлында 4 үйір жылқы бар екенін айтты.

Бұл туралы «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Одан бөлек әрқайсысында бір-бір ит, төбет, тазы бар екенін атап өтті.

«Кіндік қаным тамған жерде ауылда – жеке шаруашылығым бар. Сонда төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын. Әрқайсысы өздерінің айғырларын біледі. Әр үйірде қанша бас барын біледі. Бұны байлық ретінде емес, «иесі мен екенмін ғой, мен де қажетке жараған екенмін ғой, мен де әкемнің бір шетінде жүр екенмін ғой» деген ой болсын деп істедім», - деді ол.

Енді төрт ұлы бүркіт бағуға қызығып жүрген сыңайлы. Бірақ оны бағу оңай емес екенін айтады.

«Ұлдарымның бір-бір иті бар, төбет те, тазы да. Енді бүркіт, қаршығаға қызығып жүр.  Бірақ бұл қиын. Оны баладай бағу керек. Оған менің уақытым жетпейді. Өзім тәрбиені ауылдан алдым, сондықтан елге жақын болсын деп жасап жатырмын. Ауылда өскендіктен ондағы барлық ағайынды жақсы көремін. Құрметтеймін», - дейді әнші.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды