1370

Астанада коронавирус кезінде жоғалып кеткен ер адам табылды

Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздеп келген 48 жастағы ер адам табылды.

Астанада коронавирус кезінде жоғалып кеткен ер адам табылды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Кезбе" операциясы қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесу және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу мақсатында ұйымдастырылған.

"Төрт жыл бойы туыстары оның қайта оралатынына сенген. Полицейлердің келісілген әрекетінің арқасында ер адам аман-есен табылды. Ол көп жылдар бойы мүлде көрмеген отбасымен қайта қауышты", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, рейд барысында полицейлер түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 6 адамды ұстады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор