«Барыс»: Жүлденің ауылы алыс

21.10.2024, 14:20
989
«Барыс»: Жүлденің ауылы алыс hcbarys.kz

Соңғы уақытта ойыншылары қомақты жалақы алатын «Барыс» хоккей клубы жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Сол жалақыға лайық ойын өрнегін көрсетсе ешкім үндемес еді. Биылғы құрлықтық хоккей лигасында қарсыластарынан ойсырай ұтылып, «ұпай тарататын» команда атанғаны отандық жанкүйерлердің жүйкесіне тигені рас.

Иә, шетелдік хоккейшілердің іс тындырып жүргені шамалы. Ал, айлығын естісең... 332 миллион теңге! Жанкүйерлердің наразылығынан кейін бе әлде «Барыстың» ұтыла бергені өздеріне де абырой әкелмейтінін білді ме екен, министрлік клуб басшылығын ауыстырды. Жаңа қызметке Нұрлан Оразбаев тағайындалып, ол іске кірісе сала легионерлермен келісімшартты бұзуға көшті. Ол солтүстікамерикалық хоккейшілерге мұқтаж емес екенін ұқтырды.

Сөйтіп, ресейлік Даниил Апальков пен белорус Владислав Кодола, 332 миллион теңге жалақы алатын Майкл Маклауд, сондай-ақ, Натан Болие, Уилл Батчер, Алекс Грант, Чейз Де Лео, Си Джей Смит, Уэйд Эллисонмен келісімшарт тоқтады.

Нұрлан Оразбаев шетелдік ойыншылармен келісімшартты бұзу команданы сақтап қалудан оңай әрі үнемді екенін алға тартып отыр.

«Біз Даниил Апальков және Владислав Кодоламен келісімшартты үздік. Соныменқатар, солтүстікамерикалық легионерлермен келісімшарт бұзылғаны туралы туралы олардың агенттеріне хабарлама жібердік. Қатарда тек Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Басқа ойыншылардың барлығы – ұлттық құрамаға үміткерлер, өз шәкірттеріміз», - деді Оразбаев журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.

Жаңа басшылық келгеннен кейін «Барыс» тағы ұтылды. Бірақ азулы қарсыласқа барынша төтеп берді. Ойсырай ұтылмады. Көп соққы жасады. Легионерлермен қош айтысу қаншалықты оң нәтиже әкелерін уақыт көрсетер. Не десек те, «Барыс» үшін жүлденің ауылы әлі алыс сияқты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды